BP соңғы 25 жылдағы ең ірі мұнай-газ кен орнын ашты
АСТАНА. KAZINFORM — Британдық мұнай-газ компаниясы BP (British Petroleum) Бразилия жағалауында соңғы 25 жылдағы ең ірі мұнай-газ кен орны ашылғанын хабарлады.

«Бумеранг» деп аталатын кен орны елдің оңтүстік-шығысында, Рио-де-Жанейродан 404 шақырым жерде орналасқан Сантос бассейнінен табылған.
Кен орны Атлант мұхитында, тұз қабатының астында орналасқан. BP 2022 жылдың желтоқсан айында аукционда аймақтағы минералды ресурстарды өндіру құқығын жеңіп алды. Кәсіпорын тереңдігі 5855 метр ұңғыма бұрғылап, жалпы ауданы 300 шаршы шақырымнан асатын пайдалы қазбалардың қорын анықтады.
Көмірқышқыл газының концентрациясының жоғарылауы өндірісті қиындатып, өңдеу шығындарын арттыруы мүмкін екендігі атап өтілді. Қазіргі уақытта BP кен орнының әлеуетін нақты анықтауға мүмкіндік беретін қосымша зертханалық зерттеулер жүргізіп жатыр.
«Бумеранг» — 2025 жылы BP ашқан оныншы мұнай-газ кен орны. Бұған дейін компания мамандары тек Бразилияда ғана емес, сонымен қатар Тринидад, Мысыр, Мексика шығанағы, Ливия, Намибия және Анголада кен орындарын ашқан болатын.
Еске сала кетейік, өткен жылы Қытайда 1 миллион тонна қоры бар Азиядағы ең ірі литий кен орны ашылған еді.