Бір аптада 1403 байланыс орталығына 84 мыңнан астам қоңырау түсті

АСТАНА. KAZINFORM – 9-15 ақпан аралығында 1403 байланыс орталығы республикалық жолдарға қатысты 84 мыңнан астам өтінімді қабылдап, өңдеді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

метель, боран, снег, закрыта дорога, автомобиль, көлік, қар, жол жабық
Фото: Мақсат Шағырбаев / Kazinform

Жүргізушілер негізінен жолдарда қозғалысқа шектеу бар-жоғы, бұзылған көліктерді сүйреуге көмек көрсету, ақылы жолдардың төлемі және өзге де маңызды мәселелер бойынша хабарласқан.

- Азаматтарға жедел әрі қолайлы ақпарат беру үшін интерактивті дауыстық меню – IVR жүйесі іске қосылған. Оның көмегімен 40 608 өтінім операторлардың қатысуынсыз автоматты түрде өңделді. Операторлар 39 580 қоңырауға жауап берсе, мессенджерлер арқылы 2 031 өтінім қабылданды, - делінген ақпаратта.

Республикалық жолдарға қатысты ең көп хабарламалар Жамбыл, Ақмола және Алматы облыстарынан түскен.

Барлық өтінімдер регламентке сәйкес уақытылы орындалған.

Ұлттық компания пайдаланушыларға бірнеше байланыс арнасын ұсынады: 1403 байланыс орталығы, www.qaj.kz ресми интернет-ресурсы, Telegram боттар (@qazavtojolbot, @CallCenterQaj_bot) және WhatsApp мессенджері (+7 778 001 1403).

Айта кетейік, Алматы тұрғындарына жер сілкінісі туралы хабарлама неге келмегенін мынау сілтемеден оқи аласыз.

Соңғы жаңалықтар
Референдум