Бір аптада Қазақстанда қандай жаңа нысандар ашылды

АСТАНА. KAZINFORM — Бір аптада елде жаңа мектеп, саябақ пен цифрлық кеңсе пайдалануға берілді, деп хабарлайды Үкіметтің баспасөз қызметі.

Алматыда құтқарушыларға арналған жаңа тұрғын үй кешені ашылды
Фото: ТЖМ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмаларын жүзеге асыру мақсатында еліміздің өңірлерінде көлік, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымдарды, оның ішінде тұрғын үй инфрақұрылымын жаңғырту жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Құрылысы басталды

Бурабай курорттық аймағында «Халықтық құрылыс» бағдарламасы аясында ауданы 12,8 мың шаршы метр болатын халықаралық деңгейдегі көпфункционалды конгресс-орталықтың құрылысы басталды. Жоба іскерлік туризмді дамытуға, маусымаралық кезеңде қонақтар ағынын арттыруға және өңірлік экономиканы қолдауға бағытталған. Оны жүзеге асыру шағын және орта бизнестің, қызмет көрсету саласының, қоғамдық тамақтану мен көлік инфрақұрылымының дамуына серпін береді. Бұл – жаңа жұмыс орындары, қосымша инвестициялар және жергілікті кәсіпкерлер үшін ашылған мүмкіндіктер.

Бурабайда халықаралық деңгейдегі заманауи конгресс-орталықтың құрылысы басталды
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Пайдалануға берілді

Жаңартылған теміржол вокзалдары, білім беру нысандары пайдалануға берілді, ауылдарды газдандыру және азаматтардың әлеуметтік осал санаттары арасында тұрғын үй қорын бөлу бойынша жұмыстар жүргізілді.

Білім беру және абаттандыру

Көкшетауда 120 оқушыға арналған мектеп ашылды, ол апатты ғимараттың орнына салынған. Білім ордасында оқушылар үшін жайлы және толыққанды оқу үдерісі үшін заманауи жағдайлар жасалған: 11 оқу кабинеті, шеберханалар, кітапхана, медблок, акт және спорт залдары жабдықталған.

Көкшетау қаласының Чайкино ауылында 120 орындық жаңа мектеп ашылды
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Ақмола облысында ауданы 33,7 мың шаршы метр болатын мәдениет және демалыс саябағы ашылды. Макинск қаласындағы саябақ аумағында әртүрлі жастағы топтарға арналған балалар және спорт алаңдары, жүгіру жолы, әңгіме-дүкен құруға арналған күркелер, әткеншектер және мәдени-бұқаралық іс-шараларды өткізетін амфитеатр бар.

Макинск қаласында жаңа мәдениет және демалыс саябағы ашылды
Фото: Ақмола облысы әкімдігі

Көлік инфрақұрылымы

Жетісу облысында Сарыөзек вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды Жетісу облысында Сарыөзек вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды1 / 7 ⛶ 06 қараша 2026 16:05 Көру саны:64 Жетісу облысында 1940 жылы салынған Сарыөзек станциясының теміржол вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Нысанды жөндеу Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жүзеге асырылып жатқан еліміздің 124 теміржол вокзалын реконструкциялау және жаңғырту жөніндегі ауқымды бағдарлама аясында жүргізілді. Қайта жаңғырту барысында жалпы ауданы 137 шаршы метрді құрайтын бір қабатты вокзал ғимараты жаңартылды. Вокзалдың қасбеті, ішкі бөлмелері жаңартылып, инженерлік коммуникациялар мен жолаушылар перроны жаңғыртылды. Ғимараттың қасбеті металл сайдингпен қапталып, жертөле гранитпен әрленді, ал еденге керамогранит төселді. Сонымен қатар қосымша эвакуациялық шығу жолдары жабдықталып, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келетін есіктер орнатылды. Құрылыс-монтаж жұмыстары барысында отандық өндірістің материалдары пайдаланылды. Сарыөзек станциясының вокзалы II санатқа жатады. Станция арқылы Алматы, Семей, Талдықорған, Өскемен, Астана, Қарағанды және Балқаш қалаларымен, сондай-ақ Ресей Федерациясының қалаларымен көлік қатынасын қамтамасыз ететін 22 жолаушылар пойызы өтеді. Жобаны іске асыру нәтижесінде станцияның жолаушылар инфрақұрылымы жаңартылып, жолаушылар үшін қолайлылық пен қауіпсіздік деңгейі артты. Сонымен қатар жолаушылар ағынына қызмет көрсету үшін заманауи жағдайлар жасалды.
Фото: Көлік министрлігі

Жетісу облысында Жайпақ және Сарыөзек теміржол стансаларын реконструкциялау аяқталды. Инфрақұрылымдар жаңартылып, қауіпсіздік талаптары күшейтілді және жолаушылар үшін жағдайлар жақсара түсті. Бұл жұмыстар Президент бастамашылық еткен 124 вокзалды жаңғырту бағдарламасы аясында жүргізілген.

Жетісу облысында Жайпақ станциясының вокзалын қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды
Фото: Көлік министрлігі

Инженерлік инфрақұрылым

Жетісу облысы Панфилов ауданында 9 мыңға жуық тұрғын газға қосылу мүмкіндігіне ие болды
Фото: Жетісу әкімдігі

Жетісу облысында төрт елді мекен – Әулиеағаш, Ақжазық, Аққұдық және Шолақай ауылдары табиғи газға қосылды. Бұрын көмір мен ағаш жағып келген 9 мыңға жуық ауыл тұрғыны көгілдір отынға қол жеткізді. Бүгінгі таңда еліміз бойынша газдандыру деңгейі 64,2%-ға жетті, яғни, 13,1 млн адам табиғи газдың игілігін көріп отыр. 2035 жылға қарай бұл көрсеткішті 80%-ға дейін жеткізу жоспарлануда.

Жетісу облысы Панфилов ауданында 9 мыңға жуық тұрғын газға қосылу мүмкіндігіне ие болды
Фото: Жетісу әкімдігі

Цифрлық инфрақұрылым

Қарағандыда ЖИ сервистері интеграцияланған мемлекеттік қызметтер көрсететін жаңа форматтағы цифрлық AI-кеңсе ашылды. Оның дәстүрлі ХҚКО-лардан айырмашылығы: орталықта құжаттарды рәсімдеу азаматтардың цифрлық сауаттылық дағдыларын арттыруға бағытталған, олар электрондық порталдарды өз бетінше пайдалана алуы үшін тегін оқытылады.

Қарағандыда жаңа үлгідегі цифрлық кеңсе ашылды
Фото: Қарағанды әкімдігі

Тұрғын үй қоры

Алматы облысында үй кезегінде тұрған отбасылар баспаналы болды
Фото: Алматы облысы әкімдігі

Еліміздің өңірлерінде әлеуметтік осал санаттағы, кезекте тұрған азаматтардың және көп балалы отбасылардың арасында тұрғын үй бөлу жалғасуда. Шымкентте, сондай-ақ Алматы, Ақмола және Түркістан облыстарында отбасылар 136 пәтер мен тұрғын үйдің кілтін алды.

а
Фото: Шымкент әкімдігі

Төтенше жағдайлар қызметкерлерінің бірнеше отбасы Алматыдағы «Құтқарушылар үйі» жаңа тұрғын үй кешенінен қызметтік пәтер кілттерін алды. Жаңа ғимарат өрт сөндіру бөлімінің жанында орналасқан. Тұрғын үй жиһазбен, тұрмыстық техникамен толық жабдықталған және қоныстануға дайын.

Осыдан бұрын Ыстанбұлда Қазақстанның сауда кеңсесі ашылғанын жаздық.