Бір облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді

ТАЛДЫҚОРҒАН. KAZINFORM — Ауа райының қолайсыздығына байланысты Жетісу облысы аумағында көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол.

Бір облыста көлік қозғалысына шектеу енгізілді
Фото: Көлік министрлігінің баспасөз қызметі

2025 жылғы 23 желтоқсан сағат 15:00-де ауа райының нашарлауына байланысты республикалық маңызы бар «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығында (Көктұма ауылы – Достық станциясы) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу енгізіледі. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Қызылорда облысында республикалық маңызы бар автожол учаскелері уақытша жабылатынын жазғанбыз. 

Соңғы жаңалықтар