Бір жылда Өзбекстанның алтын валюта резервтері 1,2 млрд долларға төмендеді
Өткен жылдың қорытындысы бойынша Өзбекстанның алтын валюта резервтері 1,2 млрд долларға кеміп, елдегі қымбат металдың көлемі шамамен 24,8 тоннаға азайды, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі.
Орталық банктен мәлімдегендей, биыл 1 қаңтардағы жағдайға сай, Өзбекстанның ресми резервтік активтері 1,67 млрд долларға өсіп, жалпы көлемі 34,56 млрд-қа жетті. Бұл ретте алтын валюта резервтері 2023 жылы 1,2 млрд долларға, яғни 35,77 млрд доллардан 34,56 млрд долларға дейін қысқарды. Мұндай төмендеу 2018 жылдан бері алғаш рет болып отыр.
Жалпы былтыр қазан және қараша айларында Өзбекстан алтынды көп сатқан елдердің көшін бастаған болатын.
Статистика агенттігінің мәліметінше, өткен жылдың 11 айында Өзбекстан 8,15 млрд долларға бағаланған алтынды экспорттаған. Бұл 2022 жылмен салыстырғанда 2,3 есеге көп және өз кезегінде рекордтық көрсеткіш саналады.