Бір жылда пәтер сатылымы 21% артқан

квартира
Фото: Pixabay

АСТАНА. KAZINFORM — 2024 жылғы мамыр айында тұрғын үйді сатып алу-сату бойынша 31 071 мәміле тіркелген. Бұл жайында ұлттық статбюродан хабарланды. 

Оның ішінде:

7 668 — жеке үйлер бойынша 
23 403 — көпқабатты үйлердегі пәтерлер бойынша.

2024 жылдың сәуірімен салыстырғанда (31 248) тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілесінің саны 0,6%-ға азайды.

Мәміле саны бойынша бұрынғысынша Алматы (6 427 — 20,7%) және Астана (4 467 — 14,4%) қалалары, сонымен қатар Қарағанды облысы (2 687 — 8,6%) көш бастап тұр. 

Мәміле саны Ұлытау облысында ең аз — 344 қана (1,1%).

2024 жылдың мамырында тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелері былтырғы тиісті аймен салыстырғанда 21,4%-ға көбейген.

 

Соңғы жаңалықтар