Браконьерлер 6 ақ аюды атып кеткен
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Ресей Арктиканы игеру орталығы» экспедициясының мүшелері алты жабайы ақ аюдың сүйектерін тауып алды, деп хабарлайды РФ бас прокуратурасының баспасөз қызметі.
Қызыл кітапқа енген жануарлардың сүйегі табылғандығы жайлы хабарлама биылғы жылдың шілде айының соңында РФ Ішкі істер министрлігінің Ямало-Ненецк автономдық округі Тазовский ауданындағы бөлімшесіне келіп түскен.
Оқиға орнынан атылған гильзалар табылды. Қылмыстық істің нақты белгілері бола тұра, полиция қызметкерлері қылмыстық іс қозғамаған.
Бас прокуратура заң бұзушылықты жоюды талап етті, осыдан кейін РФ ҚК 258.1 бап 1 тармақ («РФ-ының Қызыл кітабына енгізілген аса бағалы жабайы жануарларды заңсыз олжалау») бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Тексеруді аймақ прокуратурасы өз бақылауына алды.