Браконьерлер іздестірілуде

АСТАНА. 7 қазан. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстанда екі арқарды атып, қылмыс орнынан қашып кеткен браконьерлер іздестірілуде. Бұл туралы 24 kz. хабарлайды.
None
None

Олар Тарбағатай ауданы Ботамойнақ ауылы маңайында түз тағыларын аяусыз жайратып тастаған. Қылмыскерлер арқарлардың ішек-қарнын алып, шөп арасына жасырып кеткен. Осылайша олжасын көбейту үшін тағы да тау аралап, жануарлардың соңына түскен. Инспекторлар жайрап жатқан арқарларды ғана табады. Алайда сәлден кейін сол жерге оралмақ болған браконьерлер алыстан табиғат қорғаушыларды байқап, көлікпен қаша жөнелген. Жолда дөңгелектері жарылған олар сасқандарынан көліктерін тастай қашып, тау арасына жасырынып қалған.

«Оқиға орнынан «УАЗ» көлігін таптық, иесі кім екендігі анықталып, қазір жергілікті полиция қызметкерлері іспен айналысып жатыр. Қылмыстық іс қозғалды. Тиісті хаттама толтырылды», - деді «Охотзоопром» мемлекеттік мекемесінің инспекторы Әсет Сауырбаев.

Соңғы жаңалықтар