Братиславада Қазақстан Елшісі Словакия Республикасы Ұлттық кеңесінің төрағасымен кездесті

БРАТИСЛАВА. Ақпанның 19-ы. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Қазақстан Елшісі Анарбек Қарашев Словакия Республикасы Ұлттық кеңесінің (парламент) төрағасы Павол Пашкамен кездесті,
None
None
деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның Чех және Словак Республикаларындағы елшілігіне сілтеме жасап. Әңгіме барысында парламентаралық өзара іс-қимылды дамыту мәселелері талқыланды. А.Қарашев парламентаризм институтын дамыту желісі бойынша заң шығарушы және атқарушы билік тармақтарының өзара іс-қимылы мәселелеріне назар аударды. Қазақстандық дипломат Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жағдайы, халықаралық өзекті бастамалары туралы хабардар етті, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың 2007 жылғы қарашадағы Словакияға алғашқы сапары барысында қол жеткізілген уағдаластық шараларының ойдағыдай жүзеге асырылып жатқанын атап өтті.Словакия парламентінің төрағасы екі елдің заң шығарушы органдарының арасындағы ынтымақтастықты нығайтуды жақтайтынын атап өте отырып, әртүрлі салаларда екіжақты қатынастарды ілгері жылыжытуға, екі ел арасындағы достықты нығайтуға жәрдемдесуге әзір екендігін жеткізді.
Соңғы жаңалықтар