Братиславада Қазақстан мен Словакия арасындағы парламентаралық ынтымақтастық мәселелері талқыланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - 21 маусымда Қазақстанның Чехиядағы және Словакиядағы Елшісі Сержан Әбдікәрімов Словак Республикасы Ұлттық Кеңесінің (Парламенттің) депутаттары, Конституциялық-құқықтық комитетінің төрағасы Роберт Мадеймен және Словакияның Еуропа Кеңесі Парламенттік Ассамблеясындағы (ЕКПА) тұрақты өкілдігінің басшысы Ольга Нахтмановамен кездесті, деп хабарлады елшіліктен.
None
None

Сұхбат барысында тараптар екі мемлекет арасындағы  парламентаралық ынтымақтастықтың қазіргі жағдайы мен даму перспективаларын, соның ішінде ҚР мен СР арасындағы Достық тобы және ҚР-ЕКПА шеңберіндегі ықпалдастықты талқылады.

Сұхбаттасушылардың назарына Мемлекет басшысының «Әлем. XХI ғасыр» манифесінің негізгі баптары, Қазақстанның 2017-2018 жылдарда БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне тұрақты емес мүшелігінің мақсаттары мен міндеттері және Астананың ғаламдық және өңірлік деңгейдегі сыртқы саяси басымдылықтары жеткізілді. Қазақстанда өтіп жатқан реформалық үдерістерге қатысты Елші словак депутаттарын «Нұрлы Жол» жаңа экономикалық бағдарламасы мен «Бес институционалдық реформаларды іске асыру бойынша 100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының негізгі бағыттарымен және біздің елде болып жатқан жер реформасы төңірегіндегі ахуалмен таныстырды.  

Словак депутаттары Астананың белсенді сыртқы саяси қадамдарына жоғары баға беріп, біздің елдегі дәйекті әлеуметтік-экономикалық реформалардың маңыздылығын, сондай-ақ екі мемлекеттің парламентаралық байланыстарын тереңдетуге өзара талпынысын атап өтті.

null 

Соңғы жаңалықтар