Бразилия «Формула-1» жарысының кезекті кезеңін қабылдайды

АСТАНА. KAZINFORM — Сан-Паулу Гран-приі 6-8 қараша аралығында Интерлагос автодромында өтеді, деп хабарлайды Kazinform Anadolu агенттігіне сілтеме жасап.

Бразилия «Формула-1» жарысының кезекті кезеңін қабылдайды
Фото: Anadolu

«Формула-1» әлем чемпионаты маусымның 20-кезеңі саналатын Сан-Паулу Гран-приімен жалғасады.

Бразилия Гран-приі Сан-Паулудағы Жозе Карлус Пасе атындағы автодромда өтеді. Трассаның ұзындығы — 4 309 метр. Жарыс 71 айналымнан тұрады.

Іріктеу жарыстары ертең GMT+3 уақыты бойынша сағат 21:00–де басталады.

Негізгі жарыс 8 қараша, жексенбі күні сағат 20:00–де өтеді.

Алдыңғы аптада Мексика Гран-приінде үшінші орын алған 20 жастағы италиялық Mercedes командасының пилоты Кими Антонелли «Формула-1» әлем чемпионы атанды. Ол жарыс тарихындағы ең жас чемпион ретінде рекорд орнатты.

Бразилия Гран-приі қарсаңында пилоттар мен командалардың жалпы есебіндегі үздік бестіктің тізімі төмендегідей:

Жеке есеп

  • Кими Антонелли (Италия) — 380 ұпай;

  • Макс Ферстаппен (Нидерланд) — 261 ұпай;

  • Льюис Хэмилтон (Ұлыбритания) — 259 ұпай;

  • Джордж Расселл (Ұлыбритания) — 250 ұпай;

  • Шарль Леклер (Монако) — 245 ұпай.

Командалық есеп

  • Mercedes — 630 ұпай;

  • Ferrari — 504 ұпай;

  • Red Bull — 382 ұпай;

  • McLaren — 365 ұпай;

  • Racing Bulls — 108 ұпай.

Еске салайық, бұған дейін 20 жастағы Кими Антонелли «Формула-1» тарихындағы ең жас чемпион атанғанын хабарлағанбыз.