12:39, 08 Сәуір 2017 | GMT +5
Бразилия футболшылары формаларына нөмірдің орнына супермаркет бағасын басқан
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның D сериясындағы (елдегі төртінші дивизион) «Флуминенсе де Фейра» футбол клубы ойыншылардың формасына нөмірлерді емес, супермаркет желілеріндегі азық-түлік бағасын басқан.

Бұл туралы Bild хабарлады.
Акция клубпен келісімшарт жасаған дүкеннің жарнамалық науқаны болып шықты. Ойыншы арқасындағы бағалар бразилиялық реалдағы тауар (тамақ, сусындар, шаруашылық тауарлар) құнын көрсеткен.
Әдеттегіден тыс жейде киген «Флуминенсе де Фейра» футболшылары маусым алдындағы бақылау матчтарының біріне шықты. Чемпионат 21 мамырда басталады.