Бразилия футболшысы Қытайдағы жаппай төбелес үшін 8 матчқа шеттетілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қытай футбол қауымдастығы Бразилия құрамасының жартылай қорғаушысы Оскардың ісіне қатысты қатаң шешім шығарды, ол "Шанхай СИПГ" - "Гуанчжоу Фули" (1:1) ұлттық чемпионатының ойынындағы жанжалдың туындауына себепші болған.
Ойын сәттерінің бірінен кейін қыста 70 миллион еуроға "Шанхай" командасына ауысқан "Челси" командасының бұрынғы ойыншысы қарсыластарын жақын қашықтықтан доппен тебе бастаған. Бірнеше секундтан кейін ойын алаңында төбелес басталып кетті.
Сегіз матчқа дисквалификацияланған Оскар 5,2 мың еуро көлемінде айыппұл төлейтін болды.