Ұлттық құрылтай Ұлттық құрылтай

Бразилия, Канада және АҚШ-тағы сайлау учаскелері өз жұмысын бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстандықтар Еуропа елдеріндегі сайлау учаскелерінде дауыс беруді жалғастырып жатыр. Бұл туралы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Бразилия, Канада және АҚШ-тағы сайлау учаскелері өз жұмысын бастады
Фото: Сыртқы істер министрлігі

Атап айтқанда, Аустрия, Бельгия, Германия, Испания, Италия, Мажарстан, Словакия, Франция, Швейцария, Ұлыбритания және Португалиядағы учаскелер жұмысын жалғастырып жатыр.

Сонымен қатар Бразилия, Канада және АҚШ-тағы сайлау учаскелері де өз жұмысын бастады.

Айта кетелік елімізде тарихи Құрылтай сайлауы басталған еді. Осы уақыта дейін Құрылтай депутаттарын сайлауында дауыс берушілер тізіміне енгізілген 8 млн 240 мың адам таңдау жасады.

Сонымен қатар шетелдік сарапшылар Құрылтай сайлауының маңызы туралы пікір білдірген еді.

Бұған дейін Құрылтай сайлауында барлық 7 саяси партияның басшысы өз таңдауын жасағаны туралы жазған едік.