Бразилия құс тұмауына байланысты ЕО-ға ет экспорттай алмайды

АСТАНА. KAZINFORM — Әлемдегі ең ірі құс еті экспорттаушы ел бұдан былай Еуропалық Одаққа құс және ет өнімдерін экспорттай алмайды. Бұған себеп — елдегі құс тұмауының таралуы, деп хабарлайды АЗЕРТАДЖ

құс тұмауы
Фото: Азертадж

Бұл туралы дүйсенбі күні Еуропалық комиссия мәлімдеді. Бұған дейін, жұма күні, Бразилия құс фабрикасында тұмау ошағының расталғанын хабарлаған болатын. Бұл жаңалық Қытай секілді ірі импорттаушы елдің Бразилиямен саудасын уақытша тоқтатуына және Жапония сынды басқа да ірі нарықтар үшін шектеулер енгізілуіне әкелді, деп жазады Reuters.

— ЕО-ға импорт талаптары экспорттаушы елдің (Бразилияның) жоғары патогенді құс тұмауынан таза болуын қажет етеді, — деп мәлімдеді Еурокомиссия өкілі электрондық хатында.

Бразилияның ауыл шаруашылығы министрі Карлос Фаваро жұма күні мәлімдегендей, қолданыстағы хаттамаларға сәйкес, Қытай, Еуропалық Одақ және Оңтүстік Корея Бразилиядан құс етін 60 күнге дейін импорттауға тыйым салады.

Алайда, ЕО бұл тыйымның нақты ұзақтығын атаған жоқ. Комиссия тек Риу-Гранди-ду-Сул штатындағы құс фермасында анықталған індеттен кейін Бразилияның HPAI-дан таза ел мәртебесі тоқтатылғанын хабарлады.

2024 жылы Бразилия 5 миллион тоннадан астам құс етін экспорттаған, оның шамамен 4,4%-ы Еуропалық Одаққа жіберілген, деп мәлімдеді Бразилияның жануар текті ақуыздар қауымдастығы (ABPA).

Бұған дейін Леди Гаганың Бразилиядағы концертінде жарылыс бола жаздағаны айтылды.

Соңғы жаңалықтар