10:22, 02 Қыркүйек 2010 | GMT +5
Бразилия полициясы Дурадо қаласының бүкіл мэриясын қамауға алды
АСТАНА. Қыркүйектің 2-сі. ҚазАқпарат - Жергілікті полиция мэрияның барлық дерлік шенеуніктерін қамауға алғаннан кейін, Бразилияның Дурадо қаласы биліксіз қалып отыр. Мэрия шенеуніктері сыбайлас жемқорлықтары үшін айыпталып отыр. Қамауға алынғандардың ішінде қала мэрі, оның орынбасары, тіпті мэрдің зайыбы да бар, деп хабарлайды ВВС.

Кезектен тыс сайлау өткізілгенге дейін қаланы қалалық соттың судьясы басқара тұрады.