Бразилия президенті Қазан қаласында өтетін БРИКС саммитіне қатыспайтын болды

АСТАНА. KAZINFORM - Бразилия президенті Луис Инасиу Лула да Силва 22-24 қазан күндері Қазан қаласында өтетін БРИКС саммитіне денсаулық жағдайына байланысты қатыспайтын болды, деп хабарлайды ТАСС. 

Президент Бразилии Луис Инасиу Лула да Силва
Фото: Сергей Бобылев/ ТАСС

«Президент Луис Инасиу Лула да Силва дәрігерлердің ұзақ қашықтыққа ұшуына уақытша тыйым салуына байланысты 22-24 қазан күндері Қазан қаласында өтетін БРИКС саммитіне келе алмайды», - делінген хабарламада. 

Бразилия басшысы саммитке видеоконференция форматында қатысатыны белгілі болды.

Бразилиялық Metrópoles порталының хабарлауынша, Лула да Силва басының желке тұсын әлденеге соғып алған. Президентті бірден Бразилиадағы Sírio-Libanes ауруханасына жеткізген. Ол жерде дәрігерлер жарақатқа тігіс салғаны айтылады. 

«Денсаулығы үшін оған алыс қашықтыққа ұшақпен бармауы керектігі жайлы кеңес берілді», - делінген медициналық мекеменің таратқан мәліметінде. 

Айта кетейік, бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздің БРИКС-ке қосылуына қатысты ұсыныстар түскені жайлы жазған едік

Сондай-ақ, Шри-Ланка Қазандағы саммитте БРИКС пен БРИКС Жаңа даму банкіне қосылуға ресми өтінім беруді жоспарлап отырғанын хабарлаған едік

Соңғы жаңалықтар