Бразилия жағалауындағы акулалардың ағзасынан кокаин табылды

АСТАНА.KAZINFORM – Бразилия жағалауынан ауланған акулалардың ағзасынан кокаин табылды. Бұл туралы ВВС жазды. 

Бразилия жағалауындағы акулалардың ағзасынан кокаин табылды
Фото: .bbc.com

Зерттеушілер Рио-де-Жанейро маңында ұсталған 13 бразилиялық акула тіндеріне биохимиялық талдау жасады. Олардың бәрінің бұлшық еттері мен бауырынан кокаиннің жоғары мөлшері анықталды. 

Бұл препараттың және бірқатар басқа психостимулятордың іздері теңіз мекендеушілерінің ағзасынан бұрын да табылған, бірақ бұл жолы кокаиннің концентрациясы бұрынғы көрсеткіштен 100 есеге жуық жоғары болды. 

Сарапшылардың пайымдауынша, кокаин мұхитқа кәріздерден немесе жасырын зертханалардан, не тікелей есірткі тұтынушылардың нәжісімен түседі деп санайды. 

Контрабандашылар жоғалтқан немесе теңізге тастаған кокаин болуы да әбден мүмкін. 

Сара Нове, Лейрия политехникалық университетінің Теңіз және қоршаған орта ғылымдары орталығының токсикологы зерттеу нәтижелері үрей туғызатынын айтты. 

Өткен жылы Англияның оңтүстік жағалауынан алынған теңіз суының үлгілерінен де күдікті химиялық заттар табылды, оның ішінде кокаин тұтынғаннан кейін бауырдан бөлінетін бензойлекгонин де бар.