Бразилияда әуе шары апатқа ұшырады: 8 адам қаза тапты
АСТАНА. KAZINFORM — Бразилияның оңтүстігіндегі Санта-Катарина штатында 21 жолаушысы бар әуе шары апатқа ұшырады, деп хабарлайды ТАСС.

Губернатор Жоржинью Мелудың мәліметінше, 8 адам қаза тауып, 13 адам аман қалған, оларға қажетті медициналық көмек көрсетіліп жатыр.
— 8 адамның қаза тапқаны, 13 адамның тірі қалғаны расталды, — деп жазды ол X (бұрынғы Twitter) желісінде.
Metrópoles порталының хабарлауынша, белгісіз себеппен әуе шарында өрт шыққан, содан кейін ол биіктен құлап кеткен.
Шар Санта-Катарина штатының оңтүстігіндегі Прайя-Гранди муниципалитеті үстінен ұшып өткен. Бұл жер Бразилияда «каньондар астанасы» немесе «әуе шары астанасы» ретінде танымал.
Айта кетелік Бразилия құс тұмауына байланысты ЕО-ға ет экспорттай алмайтыны туралы жазған едік.