Бразилияда бір шелек сумен Олимпиада алауын сөндірмек болған ер адам тұтқындалды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилия полициясы Маракажуда Рио-2016 алау эстафетасына қатысушыларына шелекпен су шашқан 27 жастағы жергілікті тұрғынды тұтқынға алды. Алайда қаскөй алауды өшіре алмаған, деп хабарлайды athletics-club.ru.
None
None

Кейінірек «өрт сөндіруші» өзінің бұл әрекетін полиция өкілдеріне бәстесуден болған деп түсіндірген.  Оны жазалай ма жоқ па, әлі белгісіз.

Олимпиада алауы эстафестасы 3 мамыр күні басталды. Ал Риодағы Олимпиада ойындары 5 тамызда басталады. Оған дейін Олимпиада алауы жер бетінің 20 мың шақырымын жүріп өтеді деп күтілуде. 

Соңғы жаңалықтар