Бостандық мүсінінің Бразилиядағы көшірмесі қатты дауылдан құлады

АСТАНА. KAZINFORM — Бразилияның Гуаиба муниципалитетіндегі Бостандық мүсінінің көшірмесін жел құлатты, деп хабарлайды РИА Новости.

Бразилияда қатты дауылдан Бостандық мүсінінің көшірмесі опырылып құлады
Фото: Видеодан скрин

— Гуаибадағы Гаван дүкенінің алдында орналасқан Бостандық мүсінінің көшірмесі дауыл кезінде құлады, — делінген ақпаратта.

Аймақта екпіні сағатына 90 шақырымға жететін қатты дауыл тұрған.

Мүсіннің биіктігі тұғырды қосқанда 35 метр болса, құлаған бөлігі — 24 метр. Тұғырынан опырылып түскен ескерткіш қатты зақымданған. 

Апаттын ешкім зардап шеккен жоқ, аумақ қоршауға алынды.

Еске салайық, қыркүйек айында Индонезияда мектеп құлады. Оқыс оқиғадан үш адам қаза тапты. Ал 100-ге жуық адам ауруханаға жатқызылды.

Соңғы жаңалықтар