Бразилияда БҰҰ-ның климаттық саммиті кезінде өрт шықты

АСТАНА. KAZINFORM — Бразилияның Белен қаласында COP30 климаттық конференциясы өтетін жерде өрт тұтанды. Қуанышқа орай, оқиға салдарынан ешкім зардап шекпеген, деп хабарлайды The Guardian.

Бразилиядағы саммит кезінде болған өрт
Фото: thedailystar.net

Өрт шыққан павильоннан адамдар сыртқа шығарылған. Оқиға жедел жеткен өрт сөндірушілер қызыл жалынды толық сөндірген.

— Өрттің неден шыққаны тергеу барысында анықталады, бірақ мен оның қасақана жасалған қылмыс екеніне күмәнім бар, — деді Бразилияның туризм министрі Селсо Сабино.

Өрт конференциядағы талқылауларға барынша кедергісін келтірген, себебі келіссөздердің соңғы кезеңі жақындап қалған еді.

— COP30-дағы БҰҰ-ның климат жөніндегі жұмысын, халықтық пленарлық отырысты бұзып, келіссөздерге кедергі келтірген өрт, өкінішке қарай, айқын метафораға айналды, — деді АҚШ-тан келген белсенді Джес Веспонте.

Бұған дейін Бразилияның Белем қаласында климаттың өзгеруіне байланысты өткен БҰҰ-ның 30-шы конференциясында 12 елден тұратын топ климаттың өзгеруі туралы декларацияға қол қойғаны хабарланған.

Соңғы жаңалықтар