Бразилияда футбол жанкүйерлері төбелесіп, 1 адам көз жұмды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Футболдан әлем чемпионатында Бразилия жеңіліп қалғаннан кейін жаппай төбелесте 17 жасар қыз көз жұмып, үш адам зардап шекті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ТАСС хабарлауынша, оқиға Бразилияның Сан-Паулу штатындағы Барретуш қаласында болды.

Бразилия – Хорватия матчы аяқталғаннан кейін сауда орталығында жанжал туындап, жаппай төбелеске ұласқан. Жанжалдасқандар сауда орталығы сыртында атысқа дейін барған. Соның салдарынан 17 жасар қыз оқ жарақатынан қаза тапты. Ал оның құрбысы өкпесінен жарақат алған.

Полиция мәліметіне қарағанда, оқ атқан төртеу автокөлікпен оқиға орнынан бой тасалаған. Жанжалдың себебі нақтыланбаған.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Бразилияның бас бапкері орнын босатқанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Лионель Месси әлем чемпионаттарындағы оныншы голын соқты.

Нидерланд құрамасын жолдан тайдырған Аргентина жартылай финалға шықты.

Америкалық журналист Нидерланд-Аргентина матчы кезінде көз жұмды.


Фото: Шарифулин Валерий/ ТАСС

Соңғы жаңалықтар