Бразилияда өткен COP30 саммитінде тарихи декларация қабылданды

АСТАНА.KAZINFORM - Бразилияның Белем қаласында климаттың өзгеруіне байланысты өткен БҰҰ-ның 30-шы конференциясында 12 елден тұратын топ климаттың өзгеруі туралы декларацияға қол қойды, деп хабарлайды БҰҰ жаңалықтар қызметі.

Историческая декларация принята на климатическом саммите COP30 в Бразилии
Фото: БҰҰ

Декларацияға қол қойған елдер: Бразилия, Канада, Чили, Дания, Финляндия, Франция, Германия, Испания, Швеция, Уругвай, Нидерланд және Бельгия.

Құжатта интернеттегі жалған контентпен күрес, климат және қоршаған орта мәселелерімен айналысатын журналистерге, ғалымдарға және зерттеушілерге бағытталған шабуылдарды тоқтату бойынша нақты шаралар белгіленген.

Осы жылдың маусым айында басталған бастаманы Бразилия үкіметі, БҰҰ-ның жаһандық коммуникациялар департаменті және ЮНЕСКО жүзеге асырып жатыр.

— Жалған ақпарат процестің кез-келген бөлігіне қауіп төндіруі мүмкін. Бұл - дипломатиялық келіссөздер, күн тәртібін жүзеге асыру, халықаралық қауымдастықты жұмылдыру немесе саммиттерді ұйымдастыру. Егер біз жалған ақпаратқа дұрыс қарсы тұра алмасақ, біздің барлық күш-жігерімізге қауіп төнеді, оның тамыры фактілерді жоққа шығаруда, — деп атап өтті SOR30 ақпараттың сенімділігі жөніндегі арнайы өкілі Фредерико Ассис.

Ол қасақана және манипуляциялық мазмұнды күшейтетін және жалған ақпаратты тарату үшін «күрделі тактика» қолданатын алгоритмдерге алаңдаушылық білдірді.

Бастама аясында құрылған Жаһандық климаттық сенімділік қоры 100-ге жуық елден 447 өтінім алды, олардың үштен екісі дамушы елдерден.

Айта кетейік, COP30 климаттық саммиті Бразилияда 10 қарашада басталды.

Осыған дейін Бразилия президентінің әлем елдерін климатқа қатысты батыл шешім қабылдауға шақырғаны туралы жаздық.

«Мен әлем көшбасшыларын климаттың өзгеруіне қарсы күрес шараларын жеделдетуге шақырамын. Адамзаттың қазба отынға тәуелділігін әділ әрі жоспарлы түрде еңсеруге, ормансыздану үдерісін тоқтатуға және осы мақсатқа қажетті ресурстарды жұмылдыруға мүмкіндік беретін жол картасы қажет... сөз іспен ұштасуы тиіс», деді Лула да Силва.

 

Соңғы жаңалықтар