Бразилияда салмағы 400 келі, ұзындығы 10 метр анаконда табылды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бразилияның солтүстігінде Пари штатында құрылысшылар алып анаконданы тапты, деп хабарлады Weird Animals-қа сілтеме жасап Нескучные новости.

Бразилияда салмағы 400 келі, ұзындығы 10 метр анаконда табылды

Оның салмағы 400 келіге жуық екендігі айтылған. Беоу-Монти ГЭС салу кезінде жарылыс болып, оқиға орнын қарауға барған жұмысшылар алып 10 метрлік жыланның үстінен шықты.

Интернетте видео жұршылықтың назарына ілігіп, бір айға жетпейтін уақытта миллион көрермен жинады.