Бразилияда су тасқыны құрбандарының саны 68-ге жетті

АСТАНА.KAZINFORM — Бразилияда 23 ақпаннан бері толассыз жауған жаңбыр салдарынан болған су тасқыны кезінде қаза тапқандар саны 68 адамға жетті, деп хабарлайды Анадолы.

Бразилияда су тасқыны құрбандарының саны 68- жетті
Фото: Анадолы

Минас-Жерайс штатының өрт сөндіру қызметі Жуис-ди-Фора және Уба қалаларында су тасқынынан кейін мәйіттер табылғанын хабарлады. Ведомство мәліметінше, Жуис-ди-Форада 62 адам, ал Убада 6 адам қаза болған.

Қазіргі уақытта 5 адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Ұлттық табиғи апаттарды бақылау және ескерту орталығы (Cemaden) жаңбырдың жалғасатынын және жаңа су тасқындары мен кенеттен болатын тасқын қаупі бар екенін ескертті.

Штат билігі мен федералдық үкімет зардап шеккен аймақтарға азаматтық қорғаныс күштерін, қауіпсіздік қызметкерлерін және медицина мамандарын жіберді. Бұған дейін президент Луис Инасиу Лула да Силва әкімшілігі баспанасыз қалған тұрғындарға көмек көрсету үшін муниципалитеттерге жаңа қолдау пакетін бөлетінін мәлімдеген болатын.

Айта кетелік Бразилияда су тасқынынан 59 адам құрбан болғанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар