14:01, 16 Наурыз 2017 | GMT +5
Бразилияда зейнеткерлік реформаға қарсы наразылық білдірушілер Қаржы министрлігін басып алды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Зейнетақы реформасына қарсы наразылық білдірген бразилиялықтар елдің қаржы министрлігі ғимаратын басып алды.

Бразилияның көптеген қалаларында бейсенбіге қараған түнде жаппай наразылық акциясы өтті, деп хабарлады "Би-би-си".
Бразилия астанасында Қаржы министрлігі ғимаратының жанында жүздеген адам бірнеше сағат бойы наразылық акциясын ұйымдастырды. Сан-Паулуда биліктің зейнақыға қатысты жоспарына наразы халық жол қозғалысын шектеді. Осы қалада көлік кәсіподақтары сәрсенбіде 24 сағаттық ереуілге шықты.
Ел үкіметі зейнеткерлік жасты 65-ке дейін ұзартып, кей санаттағы азаматтардан жеңілдікті алып тастауды жоспарлауда. Толық төлем алу үшін 49 жыл зейнетақылық жарна талап етіледі (қазір - 35 - ерлер үшін, 30 - әйелдер үшін).