Бразилиялық шабуылшы «Қайрат» сапына қосылды
АСТАНА. KAZINFORM - «Қайрат» және Чехияның «Виктория» (Пльзень) футбол клубтары бразилиялық шабуылшы Рикардиньоны бір жылға жалға алу туралы келісімге келді.

Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Рикардо Виана Фильо — Бразилияның Сан-Паулу штатынан шыққан, осы аттас клубтың түлегі. Кәсіби мансабын «Гремиода» бастаған, кейін «Атлетико Гоияниенсе» (Бразилия) және «Маритиму» (Португалия) клубтарында ойнады.
2023 жылдың басында болгариялық «Левскиге» ауысып, команда көшбасшыларының біріне айналды. Ол 56 матчта 20 гол және 8 нәтижелі пас берді.
2024 жылғы жазда чехиялық «Виктория» Пльзеньмен келісімшартқа отырып, оның сапында УЕФА Еуропа лигасының топтық кезеңінде ойнады.
2025 жылдың алғашқы жартысында израильдік «Маккаби» Хайфада 11 матч өткізіп, 1 гол соқты.
Еске салсақ,бұдан бұрын клубтар арасындағы әлем чемпионатында «Ювентус» алғашқы ойынында ірі есеппен жеңді.