Бразилиялық балалар шімірікпестен туристерді тонауда (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - Әлеуметтік желілерде Рио-де-Жайнерода жол қиылысында жергілікті жасөспірімдер серуендеп жүрген туристерді емін-еркін тонап жүрген видео тарап кетті.
Видеодағы жазбада жасөспірімдер туристердің әмиәнін, сөмкесін, электроникасын, бағалы заттарын қалай тартып алып жатқаны анық көрінеді. Тоналғандардың көпшілігі қылмыскерлерді қудалауға тырыспайды да.
Видео желіге Бразилия Олимпиадаға дайындалып жатқан кезде осы жылғы наурызда салынған. Алайда пікір білдірушілер дөрекі жасөспірімдердің ұрлық-қарлығы әлі де азаймай отырғанын атап өтуде.