10:31, 18 Сәуір 2013 | GMT +5
Бразилиялық «Ботафого» Қазақстан Президентінің кубогына келеді
АСТАНА. 18 сәуір. ҚазАқпарат - Елордада 8-14 мамыр күндері аралығында жасөспірімдер командалары арасында футболдан U-17 Қазақстан Президентінің VI Кубогы өтеді.
«Sports.kz» -тің хабарлауынша, тартысқа түсетін құрамалар екі топқа бөлінеді. Еліміздің жас аяқдопшыларымен Қытай, Қырғызстан және Түркіменстан командалары бақ сынаспақ. Екінші топқа Грузия, Иран, Әзербайжан және бразилиялық «Ботафого» еніп отыр.
Айта кетейік, өткен жылғы додада ирандықтар бас жүлдені еншілеген еді.