Бразилияның бұрынғы президенті Дилма Руссефф ауруханаға түсіп қалды

АСТАНА. KAZINFORM – БРИКС елдері құрған Жаңа Даму Банкінің (ЖДБ) басшысы, Бразилияның бұрынғы президенті Дилма Руссефф сырқатына байланысты Шанхай ауруханасына жатқызылды, деп хабарлайды ТАСС ақпарат агенттігі.

Бразилияның бұрынғы президенті Дилма Руссефф ауруханаға түсіп қалды
Фото: Синьхуа

Бұл туралы бразилиялық депутат Жозе Гимарайнш хабарлады.

— Дәрігерлер ауыр деп санамайтын сырқаттан айығып, Шанхайда емделіп жатқан біздің (бұрынғы) президентіміз Дилма Руссефтің тезірек сауығып кетуін тілеймін, - деп жазды ол X әлеуметтік желісінде. 

Folha de S. Paulo газетінің мәліметінше, Руссефф құсу, бас айналу және қан қысымының көтерілуіне шағымданып, ауруханаға жеткізілген.

Еске сала кетсек, Бразилия 1 қаңтардан бастап БРИКС-ке төрағалық етті. Рио-де-Жанейрода 6-7 шілде аралығында БРИКС саммиті өтеді.

Соңғы жаңалықтар