Бразилияның бұрынғы президенті түрмедегі 27 жылдық жазасын өтей бастады

АСТАНА. KAZINFORM – Бразилияның Жоғарғы соты бұрынғы президент Жаир Болсонаруға мемлекеттік төңкеріс жасау ісі бойынша түрме жазасын өтеуді бұйырды, деп хабарлайды BBC.

Жаир Болсонару, Бразилия
Фото: Синьхуа

27 жыл үш айға бас бостандығынан айырылған Болсонару жазасын ел астанасы Бразилиадағы Федералдық полиция штаб-пәтерінің аумағында өтейді, ол мұнда өткен аптада жеткізілген. 70 жастағы Болсонару теледидар, шағын тоңазытқыш және кондиционермен жабдықталған 12 шаршы метрлік шағын камерада ұсталады.

Бұған дейін Жоғарғы Сот оның сотталуына қарсы шағымды қанағаттандырмай, үкімді соңғы деп тапқан болатын.

Еске сала кетсек, қыркүйекте Бразилияның Жоғарғы сотындағы судьялар алқасы Болсонаруды 2022 жылғы сайлауда жеңілгеннен кейін әскери төңкеріс жасауға әрекет етті деп танығаннан соң көп ұзамай үкім шығарды. 

Бразилияның бұрынғы президенті (2019–2022) Жаир Болсонару мемлекеттік төңкеріске қатысты іс бойынша 27 жылға сотталып, бұл шешімге апелляция беріп, үйқамақта болған кезінде ұсталды. 

Осыдан бұрын Жаир Болсонаруға терінің қатерлі ісігі диагнозы қойылғаны анықталды. 

Соңғы жаңалықтар