Бірде-бір дін соғысты насихаттамайды – Сергей Пономарев

АСТАНА. KAZINFORM – Бірде-бір дін соғысты насихаттамайды. Мұндай пікірді елордада өтіп жатқан Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары VIII Cъезі аясында Мәжіліс депутаты Сергей Пономарев білдірді.

Діндер съезі
Фото: Виктор Федюнин/ Kazinform

- Мемлекет басшысының қазіргі әлемнің соңғы ондаған жылда бұрын-соңды болмаған ядролық апатқа жақын екені, Армагеддон шегінде тұрғанымыз туралы сөздері ерекше толғандырды әрі терең әсер қалдырды. Бұл мәселені біріге отырып, бүкіл әлемдік дін конфессиялары көшбасшыларымен бір үстелде бас қосу арқылы ғана шешуге болатыны анық. Себебі олар өз мемлекеттерінің басшыларына, өз халқына, дініне үн қатады. Бірде-бір дін соғысты насихаттамайды, ешбірі «бар, өлтір» деп айтпайды. Олардың барлығы да бейбітшілікті қолдайды, - деді депутат.

Мәжілісмен бүгінгі алқалы жиын өте жоғары деңгейде ұйымдастырылып, оған дүниежүзінен 100-деген делегация келгенін айтады.

- Патриарх Кириллдің қатысуы, БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің, Рим Папасының құттықтау жолдауы, дін көшбасшыларының қатысуы бұл съездің маңыздылығын көрсетеді. Меніңше, мұндай бірегей іс-шара кезінде олар бір-бірімен жақындаса түседі. Астанада өтіп жатқан бұл жиын теңдессіз оқиға, - деді Сергей Пономарев.

Астанада Әлемдік діндер көшбасшыларының съезі өтіп жатыр.

Іс-шара барысында Қасым-Жомарт Тоқаев ядролық қақтығыс қаупі қатты алаңдататындығын айтты.

 

Соңғы жаңалықтар