11:35, 12 Маусым 2018 | GMT +5
Brent маркалы мұнайдың бағасы өзгермеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Дүйсенбі күнгі сауда-саттықтың қорытындысы бойынша, Лондон шикізат биржасында мұнайдың әлемдік бағасы өзгермеген. Тек Нью-Йорктің биржасында баға қымбаттады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Лондонның ICE Futures биржасында тамыз айында жеткізілетін Brent маркалы мұнайдың бағасы өзгерген жоқ, оның баррелі 76,46 долларды құрап отыр.
WTI маркалы мұнайдың шілде айындағы фьючерстерінің құны Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) 0,36 долларға қымбаттап, баррелі 66,1 долларға жетті.