11:08, 11 Шілде 2017 | GMT +5
Brent мұнайы баррелінің бағасы 47 долларға жетті
АСТАНА. ҚазАқпарат - Brent маркалы мұнайдың бағасы өсіп, 47 доллар болды. Құрлықаралық сауда барысындағы соңғы мәліметтер бойынша, биылғы жылдың қыркүйегіндегі мұнай бағасы 0,723%-ға артып, барреліне 47,05 долларды құрады.

Мұнайдың басқа сорты - WTI-да 0,763%-ға артты. Осы кезеңде мұнай бағасы барреліне 44,57 долларды құрады. Бұл жұма күнгі баға құлдырауымен салыстырғанда айтарлықтай жоғары көрсеткіш.
Айта кетейік, жұмыс аптасының соңында Urals және Brent маркалары 5%-ға, 40-45 долларға дейін төмендеді. Бағаның бұлай төмендеуі нарықта бір жылдан астам уақытта байқалмаған.
Мұнай бағасына ықпал еткен келеңсіз факторлар ретінде, АҚШ-тағы мұнай өндірісінің артқандығы туралы мәліметтерді және кей мемлекеттердің ОПЕК келісімінен шығатындығы жөніндегі қауесетті атап өткен жөн.