Брестіде Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқан қазақстандық жауынгерлердің рухына тағзым етілді

БРЕСТ-МИНСК. 9 мамыр. ҚазАқпарат /Айтуар Мамлин/ - Кеше Брестіде Беларусьтегі Қазақстан елшілігінің өкілдері «Брест қаһарман-қамалы» мемориалдық кешенінде болып,
None
None

Брест қамалының Мәңгілік алауына гүл шоқтарын қою жоралғысын жасап, Екінші дүниежүзілік соғыста қаза тапқандарды бір минуттық үнсіздікпен еске алды.

Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі Анатолий Смирнов атап өткендей, «Елшілік беларусьтік достармен бірлесе отырып, біздің халықтардың дәстүрлері мен салттарына арналған бірталай мәдени шараларды ұйымдастырып отыр, олардың бастысы - Ұлы Отан соғысында қаза тапқандарды еске алуға арналған шаралар».

Соңғы жаңалықтар