Бірыңғай уақыт белдеуіне көшкенде оқушылар сабағы қалай реттеледі
АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев 1 наурызда бірыңғай уақыт белдеуіне көшу және оның оқу процесіне әсері туралы пікір білдірді.
«Не дегенмен, бұл шешімді тиісті сарапшылар қауымдастығы мен ғалымдар талдап-тексеріп, қабылдады. Сондықтан, мұндай шешім қабылданған болса, барлығы орынды», — деді Ғани Бейсембаев Үкіметте өткен брифингте.
Сонымен бірге, министр уақыт ауысуының мектептердегі оқу процесіне ықтимал әсері туралы айтып берді.
«Оқу уақытының есебінен, әрине, жергілікті атқарушы органға қажет болған жағдайда сабақтың басталу уақытын қайта қарауға мүмкіндік береміз», - деп толықтырды спикер.
Бұған дейін Ғани Бейсембаев қазақ тілі оқулығындағы «көгөніс» сөзін оқулыққа кім енгізгенін, мұның қаншалықты дұрыс екенін түсіндірген еді.