Брисбен турнирі: Александр Недовесов жартылай финалдан тыс қалды

Қазақстанның жұптық сындағы бірінші, әлемнің 45-ракеткасы Александр Недовесов Брисбен (Аустралия) ATP 250 турнирінің жартылай финалына шыға алмады, деп хабарлайды Kazinform.

недовесов
Фото: olympic.kz

Қазақстандық теннисші эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге ширек финалда жарыстың 1-ракеткалары, германиялықтар Кевин Кравиц — Тим Пюцпен сынға түсті.

Бірінші партияда германиялық дуэт 6:3 есебімен басым түсті.

Екінші сетте де ештеңе өзгере қойған жоқ — 7:5.

Сағат жарымға жуық уақытқа созылған бәсеке барысында А.Недовесов — Г.Эскобар 8 эйс жасағанымен, 8 брейк-пойнттың біреуін ғана пайдаланды.

Қарсылас жұп 3 эйс, 3 брейкпен (5 брейк-пойнт) көзге түсті.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Соня Жиенбаеваның Қазақстан азаматтығын алғанын жазған болатынбыз. 

Соңғы жаңалықтар