Британ инженерлері дрон «аулайтын» қару жасап шықты

Шағын SkyWall 100 қаруы граната атқышқа ұқсайды, салмағы 10 келі. Оның зияткер нысанды тану және ұстау жүйесі нысанаға дейінгі ара қашықтықты және оған оқты жеткізу жылдамдығын анықтайды, әрі операторға шүріппе басар ұтымды сәтті өзі ұсынады.
SkyWall 100 сығылған ауамен атылады, оған төрт түрлі оқ қолданылады. Оқу-жаттығуға арналған, ауы бары, ауменен қатар парашюты бары, сондай-ақ электромагнитті толқын жіберетін снарядтармен атылады. Қаруды жасаушылардың айтуына қарағанда, ол минутына 7 рет оқталады.
Осылайша SkyWall 100 қаруына бірнеше пилотсыз басқарылатын аппаратпен күресуге мүмкіншілігі бар.
Оны жасаушылар, қару ең алдымен полицияға көмектеседі деп отыр. Өйткені тәртіп сақшылары дронды жоймай «ұстауына» оның тіркеу нөмірін анықтауына болады. Құрылғы армияға, шекарашыларға, жеке кұзет мекемелеріне де арналған.
Қазіргі уақытта қашықтан басқарылатын дрондарды есірткі сатушылар, өнеркәсіптік тыңшылар, атақты адамдардың жеке өміріне қол сұғушылар, сондай-ақ лаңкестер пайдалануда.
Дрондардың тәртіп бұзуына қарсы әр мемлекет өзінше күресуде. Айталық, Жапонияда оған қарсы аумен қаруланған пилотсыз аппарат жіберіледі, Голландияда арнайы үйретілген бүркіттер қолданылады, ал Германияда дрондарға қарсы лазерлер пайдаланылады.