Британ сарапшысы Қазақстандағы реформалар туралы пікір білдірді

«Қазақстанның мақсаты – инклюзивті институттар мен гүлденген қоғам құру. 1999 жылдан бастап Қазақстан кейбір салаларда басқаларға қарағанда күшті ілгеріледі. Мен мұны Қазақстан институттары үшін мүмкіндіктер мәселесі деп санаймын. Кеңес кезеңінде саяси және экономикалық институттар жоғары дәрежеде бір қолға шоғырландырылды. Қазақстан институттардың сапасы бойныша 60-шы орында. Үздік 30 елдің қатарына кіру үшін институттардың деңгейін осы отыздықтың деңгейіне жеткізу керек. Сондықтан, біріншіден, әкімшілік реформалар маңызды. Бірақ басымдықтарды, басым салаларды сауатты белгілеу қажет», - деді Джеймс Робинсон Стратегиялық бастамалар форумында.
Оның сөзінше, бір мезетте бүкіл саланы нысана етіп алуға болмайды.
«Екіншіден, саясат пен экономикадағы стратегиялық көзқарастар маңызды. Азаматтарға экономикалық реформалардың маңызды екенін түсіндіру маңызды. Реформа техникалық тұрғыдан жүзеге асырылуы мүмкін, бірақ оны қоғам қабылдай қоймауы мүмкін. Сондай-ақ әртүрлі мүдделі топтар бар. Олармен де жұмыс істеуге тура келеді. Сондықтан реформа жүргізген кезде «ұтылғандар» оны қабылдайтындай етіп құрылымдау керек. Қазақстан үкіметінің қазіргі бағытын ескере отырып, халықтың инклюзивті институттарға қарай таңдау жасауға мүмкіндігі бар деп айта аламын», - деді Джеймс Робинсон.