Британдық әскери кемелер Шығыс Жерорта теңізіне бет алды
Ұлыбритания Израильге қолдау көрсету үшін екі кеме жібереді, ал британдық әскери-әуе күштері Шығыс Жерорта теңізі үстінде барлау ұшуларын бастайды, деп хабарлайды Kazinform.
«Жұма күннен бастап теңіз патрульдік және барлау ұшақтары аймақтағы тұрақтылыққа қауіп төндіретін қатерлерді бақылау үшін ұша бастайды», - деп мәлімдеді Ұлыбритания премьер-министрінің кеңсесі.
«Сонымен қатар, келесі аптада Корольдік әскери-теңіз күштерінің жедел тобы гуманитарлық күш-жігерді қолдау үшін шұғыл шара ретінде Шығыс Жерорта теңізіне көшіріледі»,-деп қосты Даунинг-стрит.
Әскери күш құрамына «P-8 Poseidon» патрульдік ұшағы, «RFA Lyme Bay» десант кемесі, «RFA Argus» жылжымалы аурухана кемесі, «Merlin» палубалық тікұшағы және теңіз жаяу әскерлері кіреді.