Британдық барлау қызметінің басшысы болып алғаш рет әйел тағайындалды

АСТАНА. KAZINFORM — MI6 басшысы — британдық барлау қызметінің көпшілікке танымал жалғыз қызметкері, деп хабарлайды Kazinform меншікті тілшісі.

Британдық барлау қызметінің басшысы болып алғаш рет әйел тағайындалды
Фото: sis.gov.uk

Ұлыбритания премьер-министрі Блейз Метревелиді MI6 деп танымал Құпия барлау қызметі тарихындағы 18-ші басшы етіп тағайындады. Ол бұл қызметке тағайындалған алғашқы әйел болды.

Қазіргі кезде ол MI6-да технологиялар мен инновацияларға жауапты «Q» секциясының бас директоры қызметін атқарып келеді және бұған дейін MI5 ішкі қауіпсіздік қызметінде жоғары лауазымда болған. Ол осы күзде қызметтен кететін Ричард Мурды ауыстырады.

Британ үкіметінің сайтында хабарланғандай, Блейз Метревели — MI6-да қызметін 1999 жылы жедел қызметкер ретінде бастаған кәсіби барлаушы.

Ол өзінің мансабының көп бөлігін Таяу Шығыс пен Еуропадағы операциялық жұмыста өткізді. Кембридж университетінде антропологияны оқығаны да белгілі. 

Соңғы жаңалықтар