Британдық қыз Атлант мұхитын жүзіп өтіп, әлемдік үш рекорд орнатты
АСТАНА. KAZINFORM — Зара Лаклан есімді британдық қыз Еуропадан Оңтүстік Америкаға дейін 7 мың шақырымды бағындырып, Атлант мұхитын қайықпен жүзіп өткен тарихтағы ең жас адам атанды.

Осы ерлігі үшін ол Гиннестің рекордтар кітабына үш номинация бойынша енді.
21 жастағы Лаклан Португалияның Лагуш қаласынан өзінің ескекті қайығымен Француз Гвианнасының астанасы Каенна жағалауына 97 күн 10 сағат 20 минутта жетті.
Осылайша ол Атлант мұхитын бір құрлықтан екінші континентке қайықпен жүзіп өткен алғашқы әйел атанды. Лаклан, сонымен қатар ең жас спортшы және мұндай саяхатты жалғыз аяқтаған ең жас адам.
Саяхат кезінде Зара күніне кемінде 17 сағат қайықпен жүзіп, әр ұйықтау уақыты 90 минуттан аспаған.
Еске сала кетейік, Марокко 7,2 миллион турист қабылдап, жаңа рекорд орнатты.