Британдық принц Эндрю Йорк герцогі титулынан бас тартты

АСТАНА. KAZINFORM — Марқұм патшайым Елизавета II екінші ұлы және Карл III патшаның інісі Эндрю өзінің титулын және оған берілген құрметтерді пайдаланбайтынын мәлімдеді, деп жазады DW BBC-ге сілтеме жасап.

Принц Эндрю отказался от титула герцога Йоркского из-за дела Эпштейна
Фото: wikimedia / Katie Chan

Букингем сарайы мәлімдеме таратты. Онда Эндрюдің титулынан бас тарту туралы шешімін корольмен кеңескеннен кейін қабылдағаны айтылған.

BBC хабарлауынша, ол принц болып қала береді.

Эндрю Йорк герцогі титулын анасынан алған еді. Соңғы жылдары ол бірнеше дауға ілініп, соның ішінде америкалық қаржы маманы Джеффри Эпштейнмен байланысты шулы оқиғаға қатысы бар екені белгілі болды. 

Бұған дейін Эндрю құрметті әскери атақтарынан айырылған болатын.

Эпштейнмен достығы туралы тақырып Вирджиния Джуффрдің өлімінен кейін жарыққа шығатын естеліктерінен үзінділер жарияланғаннан кейін қайта талқылана бастады.

Бұдан бұрын Норвегия кронпринцессаның ұлы зорлау және тұрмыстық зорлық үшін жауапқа тартылатыны хабарланды.

Соңғы жаңалықтар