Британдық сот Солтүстік теңіздегі мұнай-газ жобаларына тыйым салды

АСТАНА.KAZINFORM - Британ үкіметінің Солтүстік теңіздегі "Роузбанк" пен "Джекдоу" мұнай-газ кен орындарында көміртегі қалдығын есепке алмай игеруге рұқсат беруі заңсыз деп танылды.

Британский суд заблокировал нефтегазовые проекты в Северном море
Фото: Equinor/ Х

Ұлыбританияның ең ірі игерілмеген мұнай кен орны, Солтүстік теңіздегі "Роузбанкты" игеруге 2023 жылы, ал "Джекдоу" газ кен орнын игеруге 2022 жылы рұқсат берілген.

Алайда бейсенбіде Эдинбург соты көміртегі шығарындыларын есепке алмағандықтан, бұл шешімдер заңға қайшы қабылданған деп шешті. Осыған байланысты сот жобаларды британдық министрлер кабинетіне қайта қарау үшін қайтаруды бұйырды.

Үкімет көміртегі шығарындыларын есепке алу үшін экологиялық стандарттарды жаңартып жатқанын айтты. Жаңа ережелер көктемде таныстырылады, содан кейін компаниялар жаңартылған ереже бойынша рұқсат алуға өтініш бере алады.

Қоршаған ортаны қорғау жөніндегі үгіт-насихатшылар "Роузбанк" мұнайының көп бөлігі экспортталатынын және британдықтардың энергия шығындарын төмендетпейтінін айтады. Бұл ретте пайданың едәуір бөлігі норвегиялық Equinor компаниясына түседі.

Бұған дейін British Petroleum 5 пайыздан астам қызметкерлерін қысқартуға ниетті екені хабарланған болатын.

Соңғы жаңалықтар