Британдықтардың төрттен бір бөлігі кедейшілікте өмір сүреді

АСТАНА.KAZINFORM — Ұлыбританияның әлеуметтік көрсеткіштер жөніндегі комиссиясының (SMC) есебіне сәйкес, Ұлыбританиядағы балалардың үштен бірі мен ересектердің төрттен бірі кедейлік шегінен төмен өмір сүреді, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің меншікті тілшісі. 

қаңғыбас
Фото: Ғалымжан Қараманұлы/Kazinform

Құжат авторлары елдегі кедейлік деңгейі ХХІ ғасырдағы рекордтық деңгейге жеткенін атап өтті. 2019 жылдан бастап өмір сүру құнының өсуі жағдайды нашарлатып, қосымша 2,1 миллион британдыққа әсер етті.

Бүгінгі таңда елде 16 миллион британдық кедейлік жағдайында өмір сүріп жатыр. Олардың ішінде 5,2 млн — балалар, 9,2 млн-еңбекке қабілетті жастағы ересектер және 1,5 млн — зейнеткерлер. Бұл дегеніміз, елдің әрбір төртінші тұрғыны (24%) кедей дегенді білдіреді.

Дағдарыс әсіресе балаларға қатты әсер етті. Есепке сәйкес, 2022/23 оқу жылында кәмелетке толмағандардың үштен бірі (36%) кедейлік жағдайында болды. Бұл 2019/20 оқу жылымен салыстырғанда бес пайызға өсті.

Комиссия кедейлікті қазіргі материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін ресурстардың жетіспеушілігі ретінде анықтайды. Кедейліктің негізгі көрсеткіші адамның қазіргі уақытта оның тікелей қажеттіліктерін жабу үшін жеткілікті материалдық ресурстары бар-жоғын бағалауға бағытталған.

Естеріңізге сала кетейік, біз бұған дейін Ұлыбритания экономикасы нөлдік өсімге дейін баяулағанын жазған болатынбыз.

Кедейлік пен аштыққа қарсы күрес — Бразилияда ашылған «Үлкен жиырмалық» G20 саммитінің маңызды мәселелерінің бірі.