Британдық ақсақал таңғы ас әзірлеп беретін машина жасап шықты (ВИДЕО)

АСТАНА. ҚазАқпарат - 69 жастағы британдық отставкадағы ұшқыш Питер Браун таңғы ас әзірлеп әуре болмас үшін Sunday Morning Breakfast Machine деген атауы бар машина құрастырды.

Британдық ақсақал таңғы ас әзірлеп беретін машина жасап шықты (ВИДЕО)

Машинаның атауы жексенбілік таңғы ас дегенді мағына берсе де, бір батырманы басып бір кесе ыстық шай, бір тілім нан және бір піскен жұмыртқаны күнде әзірлеп алуға болады.

Жаңа құрылғыны жасауға Браун мен оның досы 1 000 сағатын жұмсаған.

«Осы жұмысқа үш ай уақытымызды сарп еттік, алайда ол біздің еңбегімізді ақтайды», - дейді Браун.