03:42, 13 Шілде 2016 | GMT +5
Британдық экстремал Гонконгтағы зәулім үйдің бірінің төбесінде тұрып екіншісіне секірді (ВИДЕО)
АСТАНА. ҚазАқпарат - 24 жастағы британдық экстремал спортшы Макс Кейв Гонконгтегі 25 қабатты үйдің біреуінен екіншісіне ешбір қауіпсіздік арқанынсыз секірді. Бұл туралы Daily Mail жазды.
Кейв үй төбесіндегі ені 15 сантиметрлік қоршауының үстімен жүгіріп барып екінші 25 қабат үйдің үстіндегі сондай қоршауға дәл секіріп түсті.