04:26, 10 Шілде 2013 | GMT +5
Британдық ғалымдар: Кеш ұйықтайтын балалар нашар оқиды
АСТАНА. 10 шілде. ҚазАқпарат - Лондон университетінің бір топ ғалымдары балаларын ұйқыға кеш жатқызатын ата-аналар жеткіншектерінің есте сақтау және ойлау қабілеттеріне кері әсер ететінін сендіруде. Бұл туралы ВВС хабарлады.
Зерттеушілердің сөзіне қарағанда, түнде көпке дейін ұйықтамайтын үш жасар балаларда кітап оқумен және арифметикамен проблемалар болатын көрінеді.
Сарапшылардың пайымынша, ұйқының жетіспеуі ағзаның табиғи ырғағын бұзып, баланың ақыл орамдылығына зиян келтіреді
Сонымен қатар ғалымдар ұйқы ырғағы жүйесіз жеткіншектер теледидар алдында көп уақыт өткізетінін де атап өтуде.