Британдық режиссердің Семей полигоны туралы фильмі көрсетілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордада бұрынғы Семей ядролық полигоны жайлы британдық режиссер түсірген деректі фильм көрсетілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Хабар 24 телеарнасына сілтеме жасап.
Фильм «Жел соққан жерде» деп аталады. Туынды елімізде алғаш рет көрсетіліп отыр. Бұған дейін ол АҚШ және Еуропаның бірнеше мемлекетінде көрермен назарына ұсынылған болатын. Сол арқылы 40 жылдан астам уақыт жүргізілген сынақтар мен одан зардап шеккен жандардың өмірі баяндалады. 70 минуттық еңбекті шетелдік сарапшылар мен қоғам белсенділері тамашалады. Олар ертең елордада ядролық қарусыздандыру тақырыбында өтетін халықаралық конференцияға қатысады.
«Ең басты кейіп кейіпкер Кәріпбек Күйіков, тағы бір кейіпкеріміз Берік Сыздықов. Екеуі де маңызды. Бірақ онда басқа да сарапшылар пікір білдіреді», - дейді Ядролық қарусыздандыру және жою жөніндегі халықаралық ұйымның өкілі Маржан Нұржан.